Ақмола облысында алтын кентасын өңдейтін жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды. Заңсыз схеманың ұйымдастырушысы қамауға алынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бір топ адам Шортанды ауданының аумағында заңсыз бағалы металдар өндірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсақтау және балқыту арқылы бағалы металдарды алуға арналған жасырын цех анықталды. Тінту кезінде жабдық, салмағы 446 грамм алтын кесегі, төрт тонна алтын кентасы, алты килограмм сынап, сондай-ақ екі миллион теңгеден астам және сегіз мың доллар тәркіленді. Бұдан басқа, атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды.
ҚМА следовательлердің қатысы бар адамдарды анықтап, заңсыз өндірілген алтын көлемін анықтап жатқанын хабарлады. Бұған дейін осындай жасырын алтын өңдеу цехтары Шығыс Қазақстан облысында анықталған.


