Ақмола облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер өткен сенбіде жол-көлік оқиғасында жарақат алған нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Анықталғандай, төрт күндік сәбиге бас миының жарақаты мен сынық диагнозы қойылған. Бала «Астана — Петропавл» тас жолында болған апатта зардап шекті. Сол күні нәрестені перзентханадан үйіне алып келе жатқан.
Дәрігерлер бала зардап шеккен тағы бір ЖКО туралы да айтты: қыз тіркемемен соқтығысу кезінде көліктен ұшып шыққан. Бұл апат дәл сол жол бөлігінде болғаны атап өтілді.
Соңғы бірнеше күнде балалар зардап шеккен басқа да апаттар болғаны белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ЖКО-дан кейін бес бала жатыр.
«Сенбіде төрт күндік бала түсті, жексенбіде Жақсыдан бала әкелінді, ол да 10 жаста, жансақтау бөлімінде жатыр. Онда апат болды — 4 бала жарақат алды, біреуі Жақсыда қалды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, үшеуін санавиациямен облыстық балалар ауруханасына әкелдік», — деді мекеменің жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.
Бұған дейін Ақмола облысындағы тас жолда Volvo маркалы жүк көлігі, Hyundai және Lada автомобильдері қатысқан апат болғаны, онда нәресте зардап шеккені хабарланған. Сондай-ақ өңірдегі тас жолдардың біріндегі ЖКО-да әйел қаза тауып, төрт бала ауруханаға жеткізілген.


