АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның бес мұнай танкерін жойғанын хабарлап, тиісті бейнежазбаны X әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды infohub.kz.

Америкалық әскерилердің мәлімдеуінше, 8 қыркүйекте CENTCOM күштері Иранның шикі мұнай тасымалдайтын бес кемесін жойды. Бұл Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) соңғы екі күнде американдық әскери кемеге екі рет баллистикалық зымыранмен шабуыл жасағаннан кейін болды.

Ведомство АҚШ кемесі ирандық шабуылдардан сәтті құтылғанын, әскери қызметкерлердің зардап шекпегенін атап өтті.

Бұған дейін Иран Иорданиядағы американдық әскери базаларға жаппай зымырандық соққы жасаған болатын. Сонымен қатар, ИРСК Ормуз бұғазында американдық суасты ұшқышсыз аппаратын басып алғанын хабарлады.