АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның әскери әлеуетін әлсірету үшін жаңа шабуылдар сериясын жүргізгенін хабарлады, деп хабарлайды infohub.kz.
Сәрсенбі күні, 15 шілдеде, CENTCOM X әлеуметтік желісінде Иранға жаңа соққылар толқыны басталғаны туралы мәлімдеме жариялады. Операция шығыс уақыты бойынша сағат 06:00-де (Астана уақытымен 15:00) басталды. «Соққылардың мақсаты – Иран күштерінің Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне шабуыл жасау үшін қолданған әскери мүмкіндіктерін одан әрі әлсірету», – делінген хабарламада.
Бұған дейін CENTCOM 90 минутқа созылған соққылар сериясының аяқталғанын мәлімдеген еді. Американдық әскерилер жағалық қорғаныс жүйелеріне, сондай-ақ Үлкен Тонб аралындағы қанатты зымырандарды сақтау және ұшыру орындарына жоғары дәлдікті оқ-дәрілермен соққы берді. Иранда әзірге ешқандай зақым туралы хабарламаған.
Еске сала кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы соққылар алмасу бір апта бұрын, Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында басталған еді. Кейін Ақ үй басшысы атысты тоқтату режимі аяқталғанын, алайда Вашингтонның келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді. Жақында Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади да АҚШ-пен бейбіт келісімнің күші жойылғанын хабарлады.


