Ақтау прокуратурасы қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп аяқтап, сотқа жолдады. Ол атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деп айыпталуда. Оқиға қаладағы барлардың бірінде болған. Онда айыпталушы мен тағы бір келуші арасында жанжал шығып, кейін атысқа ұласқан. Қадағалау органының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, айыпталушы жәбірленушіге оқ атып, оның денесіне жарақат салған. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған. Бұл бап бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Айыпталушының кінәлілігі мен жаза мөлшері туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Прокуратура бұл ретте кінәсіздік презумпциясын еске салады. Ведомство сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін, зорлық-зомбылық әрекеттер мен қару қолдану үшін қатаң жауапкершілік күтіп тұрғанын ескертеді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.