18 жасқа толған күні жас жігіт достарымен демалып жүріп жоғалып кеткен еді. Оның денесі Ақтау маңындағы Каспий теңізінен табылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалау бөлігінде жүргізілген. 18 жасар Азамат Дүйсехановтың мәйіті 15 шілдеде Ақтаудан шамамен 51 шақырым жерде, жағалау сызығынан небәрі 10 метр қашықтықта табылды.

Құтқарушылар мәйітті судан алып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Айта кетейік, Азамат Дүйсеханов 7 шілде күні түсте «O'Mir» курорттық қонақүйінің маңында жоғалған. Сол күні ол өзінің кәмелетке толу мерекесін тойлап жатқан болатын.