Ақтауда ТЖМ қызметкерлері патрульдеу барысында резеңке қайықтан суға құлаған ер адамды көріп, оны жағаға жеткізді. Бұл туралы infohub.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға «Шора» су каналы маңында болды. Құтқарушылар акваторияны патрульдеп жүріп, судағы адамды көріп, дереу оған қарай бет алды.
«Құтқарушылар жедел көмек көрсетіп, ер адамды судан алып шығып, жағаға жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Ведомство өкілдері суға шығар кезде қауіпсіздік шараларын сақтау, құтқару кеудешесін кию және су айдындарындағы тәртіп ережелерін елемеуге болмайтынын ескертті.


