Ақтауда қала жағалауында қызға зорлау қаупін төндірген ер адамға қатысты үкім шықты. Оқиға 2 тамызда болған, агрессивті қала тұрғыны жолаушы қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ақтау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, іс бүгін қаралды. Желіде жарияланған видеоларда ер адамның ақ пиджак киген қызды ұстап тұрып, оның босанып шығуға тырысқаны көрінеді. Өтіп бара жатқандар жанжалға араласқан, алайда екінші видеода күдікті «Мен сені зорлаймын» деп қорқытуын жалғастырады.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындады. Сотта оның кінәсі полиция қызметкерінің рапортымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, №9649 медициналық куәландыру қорытындысымен және оқиға орнындағы бейнежазбамен расталғаны атап өтілді.

Ер адамның әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес сараланған, ол 60-тан 100 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 15-тен 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын көздейді. Сот құқық бұзушыға ең жоғары жазаны – 30 тәулік қамауды тағайындады. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.