Сот ақтаған ақтөбелік әйел ЖШС-нің ақшасын жымқыру ісі бойынша мемлекеттен моральдық зиян үшін 15 миллион теңге өтемақы талап еткен еді, бірақ әлдеқайда аз — 1,5 миллион теңге алады. Сонымен қатар, оған адвокат қызметіне жұмсалған 5,5 миллион теңге өтеледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

2023 жылы кәсіпорынның екі менеджері мен олардың көмекшілері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы іс бойынша өткен әйел қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталды.

Ақталған соң ол Қаржы министрлігіне заңсыз қылмыстық қудалаудан келтірілген моральдық азап үшін 15 миллион теңге өтемақы талап етіп, сотқа шағымданды. Талапкердің айтуынша, қылмыстық іс салдарынан үш жылға жуық уақыт бойы ауыр депрессиялық күйде болып, қалыпты өмір сүре алмаған.

Сот талапты ішінара қанағаттандырды. Шешім бойынша, Қаржы министрлігі оған моральдық зиян үшін 1,5 миллион теңге төлейді, бұл сұралған сомадан он есе аз. Сондай-ақ мемлекет адвокат қызметіне жұмсалған 5,5 миллион теңгені өтейді.