2026 жылғы 22 шілдеде Қазақстанның екі қаласын смог басады. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды. Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) Ақтөбеде, ал түнгі уақытта Атырауда күтіледі.
Қазгидромет РМК синоптиктерінің болжамынша, мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етіп, ауа сапасын нашарлатуы мүмкін. Тұрғындарға, әсіресе созылмалы тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға, мүмкіндігінше ашық ауада болу уақытын қысқартуға кеңес беріледі.


