Ақтөбе облысында су басқан жерде қайғылы оқиға болды — құтқарушылар судан кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін алып шықты, деп хабарлайды infohub.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 шілдеде Әйтеке би ауданы, Аққұм ауылындағы су басқан жерден жасөспірімнің денесі табылған.
«Алдын ала деректер бойынша, жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, көз жұмған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері.
Ведомство азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмауға, сондай-ақ балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауға шақырды.


