26 шілдеде KAZ10 халықаралық «Ақтөбе-Орал — Ресей шекарасы (Сырым өткелі)» автожолының учаскесінде Шаған өзеніндегі көпірді қалпына келтіру жұмыстарына байланысты барлық көлік түрінің қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Шектеулер трассаның 247-шақырымында таңғы 05:00-ден 11:00-ге дейін енгізіліп, барлық автокөліктерге қатысты болады. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, Шаған өзеніндегі көпірде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Жүргізушілерге жолды алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады. «Уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, сапар бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.