Қазақстанда алаяқтар мемлекеттік органдарға Қаржы мониторингі агенттігінің атынан жалған ресми хаттар жіберіп жүрген жағдайлар тіркелді. Жаңа алаяқтық схемасы туралы ведомствоның өзі ескертті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қаржы мониторингі агенттігінің түсіндіруінше, мемлекеттік органға арналған мұндай хаттарда қылмыскерлер тексеру жүргізіліп жатқанын сылтауратып, азамат туралы мәліметті — оның мінездемесін және басқа да ақпаратты сұратады.

«Бұған дейін алаяқтар осыған ұқсас схеманы қолданған: жалған хаттарды жіберген соң олар азаматтарға телефон немесе мессенджерлер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен дербес және банктік деректерін алуға не ақша талап етуге тырысқан», — деді Агенттікте.

ҚМА Агенттіктің ресми хаттары тек белгіленген тәртіппен жіберілетінін еске салды. Ведомство қызметкерлері телефон арқылы банк шоттарының деректерін беруді талап етпейді және ақша аударуды сұрамайды. Логотипі, мөрі немесе қолы бар деген желеумен құжаттарға сенуге болмайды, ал күмәнді хат келген жағдайда оның түпнұсқалығын Агенттіктің ресми арналары арқылы тексеру қажет.

«Бейтаныс адамдарға дербес және банктік деректеріңізді бермеңіз және олардың нұсқауымен ақша аудармаңыз», — деп үндеді Агенттікте қазақстандықтарға.

Күмән туындаған жағдайда азаматтарды ҚМА Call-орталығына 1458 нөмірі арқылы немесе Кезекші бөлімге +7 (7172) 70-84-79 телефоны арқылы хабарласуға шақырады.