Қарақас альбатростар планетадағы температураның көтерілу жылдамдығына ілесіп, климат өзгерісіне бейімделе алмай отыр. Осындай тұжырымға ғалымдар келді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
SciTechDaily жазуынша, Римускидегі Канада университетінің зерттеушілері халықаралық әріптестерімен бірге Оңтүстік мұхитта мекендейтін қарақас альбатростардың тіршілігін зерттеген. Ұзақ өмір сүретін бұл құстар баяу жетіліп, кеш төлдейді. Сондықтан пайдалы генетикалық өзгерістер ұрпақтан ұрпаққа тым ұзақ беріледі.
Компьютерлік модельдеу көрсеткендей, пайдалы қасиеттер ұрпаққа жетеді, алайда түрдің жалпы саны пайдалы белгілер көпшілік дараққа таралып үлгермей жатып, тезірек азаяды.
Табиғи сұрыпталу қоршаған орта біртіндеп өзгергенде популяцияны сақтап қала алады, бірақ қарқынды жаһандық жылыну бұл қорғаныс тетіктерін түгелдей жоққа шығарады. Сирек кездесетін түрлерді сақтаудың тиімді жолы — парниктік газдар шығарындысын айтарлықтай қысқарту.
Зерттеу авторларының бағалауынша, климатқа антропогендік қысымды азайту ғана жануарлардың қырылуын бәсеңдетіп, эволюцияға жабайы табиғат тұрғындарын сақтап қалуға нақты мүмкіндік береді.


