Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Александр Бублик Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында сәтті өнер көрсетті.

Александр Шевченко сербиялық тәжірибелі теннисші Душан Лайовичті 6:2, 6:4, 7:6 есебімен айқын ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Ал Александр Бублик аустралиялық Джеймс Даквортпен кездесіп, 6:2, 6:4, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, қос спортшы да "Үлкен дулыға" санатындағы беделді турнирді жеңіспен бастап, екінші айналымға шықты.