«Рассмеши комика» шоуының жеңімпазы ретінде танылған бұрынғы әзілкеш Алексей Рева Украина қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы елдің әскери ведомствосы өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап, ол туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

«Қорғаныс министрлігінің командасын күшейтуді жалғастырамыз. Үкімет майор Алексей Реваны Украина Қорғаныс министрінің цифрлық даму, цифрлық трансформация және цифрландыру жөніндегі орынбасары етіп тағайындады», — делінген ведомство жарияланымында.

Жаңа қызметте Рева қорғаныс күштеріне арналған цифрлық жүйелер мен сервистердің дамуын, сондай-ақ армиядағы процестерді жеңілдетіп, әскери қызметшілерге жүктелген міндеттерді орындауға көмектесетін технологияларды енгізуді қадағалайтын болады.

Басылым атап өткендей, 2015 жылы Алексей Рева «Рассмеши комика» шоуында жеңіске жеткен. Кейін ол «Мамахохотала» әзіл студиясында актер және сценарист болып өнер көрсетті. Ресеймен қақтығыс басталғаннан кейін Рева егіз ағасымен бірге ТЦК-ға қызметке түсіп, кейін Украинаның Бас барлау басқармасында және Қорғаныс министрлігінің IT-секторында әскери міндеттілерді есепке алуға арналған бағдарламалық жасақтама жасаумен айналысты.