Әлем өзгеруде - бізде өзгереміз
Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мемлекет дамуының алдағы басым бағыттарын белгілеп берген маңызды құжат.
Уақыт бір орында тұрмайды, ол үнемі алға жылжиды. Оның талабына сай адам мен қоғамның өзгеруі де ақиқат. Тәуелсіздігіне ширек ғасыр толған даму үрдісі де өзгеріс үстінде.
Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын өзгерту үлкен ауқымды іс.
Қазақстанда Білім беру мазмұнын жаңартудың алғы шарттары: «Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым - қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастармен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір - біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. XXI ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымды өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір алғандығының шынайлығын ұғына отырып, өзінің дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек»
Мұғалім теориялық білімін жаңартылған бағдарлама бойынша іске асырса Қазақстанның әрбір азаматы XXI ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыны қалыптастырып бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
Мұғалімдердің жаңартылған бағдарламамен біліктерін көтеріп практикада іске асырып жатқан іс - әрекеттері бағдарлама идеясы бойынша «Күтілетін оқу нәтижелеріне» қол жеткізетіні анық және ешкімнің күмәні жоқ. Қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан - жақты дамуына әкелетін бірден - бір жол!
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
«Сарыжаз орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен және Ақбейіт бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мұхаметқалиев Бауыржан
Әлем өзгеруде - бізде өзгереміз
Әлем өзгеруде - бізде өзгереміз
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз624 қаралым
#қазақстанда білім беру#әлем өзгеруде#бізде өзгереміз#қазақстанның үшінші жаңғыруы#жаhандық бәсекеге қабілеттілік
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

