Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлемдегі ең қымбат тағамдар

Кейде деликатестер мен сирек өнімдерді тату үшін он есе артық төлеуге дайын тұратынымыз бар. Алайда, бірнеше мың доллар тұратын тағам құнын ақтау үшін қандай болуы керек?

Кез келген әмиянды жұқарта алатын ең қымбат түрлі тағам мен өнімдерді назарларыңызға ұсынамыз.

Ең қымбат тұшпара

Ең қымбат тұшпаралар Бронкс ауданында орналасқан, орыс эмигранттарына арналған Golden Gates мейрамханасында беріледі. Тағамның қымбат болуы оның құрамындағы бұзау, бұлан және шошқа етіне, сонымен қатар терең суда мекен ететін алау-балықтың теміріне байланысты. Дәл осы темірдің әсерінен тұшпара көк-жасыл жарық шығарады. Сегіз тұшпара порциясы 2 400$, ал 16 тұшпара 4 400$  тұрады.

Ең қымбат картоп

Картоптың өзі деликатес бола алады, егер ол La Bonnotte сорты болса. Ол Атлант мұхитындағы Нурмуатье деп аталатын Француз аралында өсіріледі екен. Оның құндылығы дақылдардың күту тәсіліне байланысты қымбат бағаланады. Картоп алқаптары ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған технология бойынша өсіріледі — теңіз балдырларымен ғана тыңайтылады. Бұл сортты тек қолмен отырғызады және жинайды, оның килограммы шамамен 500 еуроны құрайды.

La Bonnottе-ден жағымды жаңғақ дәмі мен лимонның хош иісі аңқып тұрады. Сортты 1930-шы жылдары шығарды, бірақ алғашқы онжылдықта ол сұранысқа ие болған жоқ. 1995 жылы сирек картоптың айналасындағы дүрлікпе пайда болды: сол кездің өзінде 1 кг картоп үшін бірінші рет рекордтық баға — 475 $ орнатылды, содан бері бағасы өсуде.

Ең қымбат саңырауқұлақ

Ақ трюфельдер — әлемдегі ең қымбат тағам болып есептелінеді. Осындай бір саңырауқұлақтың бағасы екі мың еуроны құрайды. Бұл трюфельдердің ерекше иісі бар, бірақ иісіне қарамастан бұл саңырауқұлақпен барлық тағамдарды қосып жей береді. Жаһандық жылыну мен инсектицидтерді пайдаланудың кесірінен трюфельдер азайып келеді, сол себепті қолжетпес азыққа айналуда.

Ең қымбат сиыр еті

Жапондық мәрмәр сиыр етінен дайындалатын Wagyu стейкі — әлемдегі ең дәмді, танымал және қымбат деликатестердің бірі. Ол таңғажайып хош иісті, мәрмәрлігі А4-ке тең ( ең жоғарғы көрсеткіш А5) және керемет майлы текстураға ие. Жапонияда Вагю тұқымының таза қанды бұқашықтарына асқан сыйластықпен қарайды: оларға массаж жасайды, сырамен суарады, классикалық музыка қойып береді. 1 кг ет құны 450 долларға дейін жетеді.

Ең қымбат ірімшік

Ең қымбат ірімшіктердің бірі — бір жерде ғана — Швециядағы Moose House фермасында өндірілетін бұлан сүтінен алынған ірімшік. Оны дайындау үшін бұлан сүті қолданылады. Бұланның ірімшігінің түсі ақ, сырттай фета ірімшігіне ұқсайды. Мұндай ірімшіктің 1 кг-ы 1 000 еуро тұрады және ол шектеулі мөлшерде өндіріледі.

Ең қымбат уылдырық

Құртпа (қортпа)-альбинос — Каспий теңізін мекендейтін үлкен бекіре балығы. Оның құнының асқақтаған себебі құртпа-альбинос алтын түсті уылдырығын 100 жылда бір рет шашады екен. 1 кг уылдырық 8500 евро тұрады.

Ең қымбат сорпа

Қарлығаштың ұясы өсімдік қоспаларысыз тек сілекейден ғана тұрады. Сондықтан олардың ұясы — қытай асханасында деликатес саналады. Қарлығаштың ұяларын жинау — өте қауіпті жұмыс, сондықтан болар тағамның бағасы асқақтап тұр. Құстар ұяларын биік жартастарға салады. Ал жартасқа өрмелеу оңай іс емес. Мұндай деликатестің құны 1 кг үшін 3 000$ дейін бағаланады.

Ең қымбат кофе

Копи-лювак кофесінің дәндерін өндіру процесі: виверр тұқымдас мусанг аңы — кофе ағашының піскен жемістерін жейді, кофе дәндерін қорытады да сыртқа шығарады, содан кейін адамдар оны жинап, жуады, содан кейін күнге кептіреді. Копи-лювактың ерекше ащы дәмі мусангтардың асқазан сөлдерінің кейбір ақуыздарды ыдыратып жіберуінен пайда болады.

Блэк айвори сорты Таиландта шығарылады. 450 граммы 500 доллардан асады. Арабика дәндері пілдің асқорыту трактісі арқылы өтеді. Сатылымнан түскен табыстың 10%-ы пілдерге ветеринарлық көмекке және дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталады.

Ең қымбат дәмдеуіш

Бұл дәмдеуіштің құны 1 кг үшін 400-ден 1 000$-ға дейін бағаланады. Себебі запырангүл (шафран) тек күзгі уақытта және жылына жеті күн ғана гүлдейді. Оны жинау және одан әрі өңдеу жұмыстары қолмен жүзеге асады. Ал 1 кг запырангүлді жинау үшін жинаушылар осы өсімдіктің 300 мың гүлін теріп алуы керек екен.

Ең қымбат пицца

4200$ тұратын «Рояль 007» пиццасын бас аспаз Доменико Кролла дайындады (бұрын өз мейрамханасында атақты адамдардың портреттері бар пиццалар дайындағандығымен танымал болған), және бұл әлемдегі ең қымбат тағамдардың бірі. 30-сантиметр пиццада коньякпен маринадталған лобстер тілімдері, шампанға малынған уылдырық, шотландтық ысталған албырт, ұзақ уақыт ұсталған бальзам сірке суы, бұғы етінің тілімдері, прошутто болса, ал үстіне — 24 караттық жеуге жарамды алтын жалатылған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама