- 12 қаң. 2018 00:00
- 420
Әлемнің ең бай адамы атанған Джефф Безос деген кім?
Amazon-ның негізін қалаушы және бас директоры Джефф Безос әлемнің ең бай адамы атанды.
Америкалық CNN арнасы Джефф Безосты адамзат тарихындағы ең бай адам деп атады. Bloomberg құрған миллиардерлер рейтингі бойынша Джефф Безостытың 2018 жылының 9 қаңтар күнгі жағдайы 105 миллиард долларға бағаланған.
Әлемнің ең бай адамы атанған Джефф Безос деген кім?
Джефф Безос 12 қаңтар 1964 жылы АҚШ-тың Нью-Мексико штатының Альбукерке қаласында дүниеге келген. Джефф 4 жаста болғанда анасы кубалық иммигрант Мигель Безосқа тұрмысқа шығады. Өгей әкесі баланы асырап алады.
Жасөспірім кезінде ол бір жаз бойы McDonald’s-та жұмыс істейді, бұдан кейін құрбысымен Dream Institute атты 10 күндік балалар лагерін құрады.
1986 жылы Принстон университетін тәмамдаған соң Безос Intel мен Bell Labs ұсыныстарынан бас тартып, Fitel атты стартапқа жұмысқа тұрады. Кейін D. E. Shaw хедж-қорға қызметке ауысып, төрт жыл ішінде вице-президент лауазымына дейін өседі.
1994 жылы жылдық бонусты күтпестен ол D. E. Shaw-ден кетуді ұйғарады. Интернет арқылы сауда жасау табысты болып жатқанын естіген ол, Сиэтлдегі өз гаражында кітап сату бойынша онлайн-платформасын іске қосуға бел буады.
Amazon.com сайты 16 шілде 1995 жылы іске қосылады. Клиенттерімен кездесулерді болашақ миллиардер жергілікті Barnes & Noble кітап дүкенінде жүргізген. 16 мамыр 1997 жылы Amazon компаниясы биржаға шығады. Одан бері компания тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын ұсынатын үлкен корпорацияға айналды.
Кәсіпкерлік қызмет
Жасөспірім кезінде Безос адамзаттың болашағы басқа планеталармен байланысты болады деп есептейді, сол себепті ғарыштық салада кәсіпкер болуға ұмтылады. Табысты кәсібі оған арманын орындауға мүмкіндік берді. Негізгі кәсібін басқарудан тыс уақытта ол ғарыштық туризмге бағытталған Blue Origin әуеғарыштық компаниясын дамыту бойынша жұмыс істейді.
Компания 2001 жылы негізін қалады, алайда алғашқы тапсырыс беруші Eutelsat франциялық серіктік оператормен серіктерді ұшыруға келісімге отырғаннан кейін, 2017 жылдың наурызында ғана пайда болды. Безос Blue Origin-ге аз дегенде $500 млн құйды. Бизнесменнің сөзінше, Blue Origin-ді Amazon акцияларын жыл сайын $1 млрд-қа сату арқылы қаржыландырады.
Безостың жақын арадағы жоспарында туристерді ғарышқа аттандыру. Бұл мақсаттарда алты жолаушыны Жер бетінен 100 шақырымнан астам биіктікке көтере алатын New Shepard алты кораблі құрастырылады. Оның айтуы бойынша, бұл салмақсыздықты сезінуге және планетаны ғарыштан көруге жеткілікті.
Газет баспасын сатып алу
2013 жылы Безос $250 млн-ға The Washington Post газетінің баспасын сатып алады. Газеттен өзге, кәсіпкерге washingtonpost.com сайты, Express, The Gazette, Southern Maryland, Fairfax County Times, El Tiempo Latino мен Greater Washington Publishing газеттері өтеді.
Киноға түсу
Безос «Стартрек: Шексіздік» фильмінің бір көрінісінде галактиканың түбінен келген өзге ғаламшарлық болып эпизодтық роль сомдаған.
Қайырымдылық қызмет
42 млн доллар қаржысы мен Техастағы жерінің жартысын The Long Now сағатының құрылысына берген. Бұл жерасты сағаты 10 мың жыл бойы жұмыс істеуге есептелген. The New York Times БАҚ-тың ашық мәліметтері мен хабарламаларына сүйене отырып, Безостың жалпы қайырымдылық мақсатында $100 млн. құртқанын айтады.
Отбасы жағдайы
1993 жылы ол D. E. Shaw ғылыми қызметкері Маккензи Таттлға үйленеді, қазірде ол жазушы болып қызмет атқарады.