Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез - құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз - адамның мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Тұлғаны дамыту – күрделі процесс. Оның үш маңызды аспектісі бар:
1. Әлеуметтік - психологиялық аспектісі. Ол өз кезегінде екі факторға байланысты болады:
а) баланың танымы мен мінез - құлқына қажетті белгілі қондырғылар, бағалы құндылықтар, түсініктер мен ұстанымдардың мақсаты, қоғамдық әсері.
б) адамның өмір жағдайын, оның іс - әрекеттегі жеке стилін, тұлға аралық қарым - қатынасты анықтайтын тұлғаның дамуы.
2. Психологиялық аспектісі тұлғаның танымдық үрдістерінің жеке ерекшеліктерін қамтиды: есте сақтау, ойлау мен сөйлеу тағы сол сияқты мінез - құлықтарын қарастырады.
3. Аспект тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психофизиологиялық дәрежесі негізінде нақтыланады. Тұлғаның даму процесі екінші және үшінші аспектілердің көмегімен іске асырылады.
Сонымен, “тұлға” дегеніміз адамның мінез - құлқын, іс - әрекетін бір сөзбен айтқанда өз бейнесін жасаушы. Әр адамның тұлға болып қалыптасуы сыртқы күшке, табиғатқа және әлеуметтік жағдайға байланысты.
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі. жүктеу
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз555 қаралым
#әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі#материалдық және рухани өмір
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

