Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы, отандық әнші Али Окапов жанкүйерлерінің тойлар мен корпоративтерде өнер көрсету туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әнші жауабын Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, мұндай сұрақтар оны таңқалдырады.

«Жеке әнші ретінде өзімді білгеннен бері, ал сахнада 15 жылға жуық уақыт өтті, бірінші жылдан бастап барлық жерде өнер көрсеттім, өйткені мен сахнаны жалпы бөлмеймін. Шынымды айтсам, маған бәрібір: 50 адамға арналған той ма, әлде 50 мың адамға жиналған Open air па. Міндет бір-ақ: ән салып, би билеп, көңіл-күй сыйлау. Көңіл-күйді көтеру немесе керісінше, түсіру (күледі — ред. ескертпесі). Жалпы, эмоция сыйлау. Сондықтан жұмысымның маңызды бөлігі — жеке іс-шаралар: тойлар, мерейтойлар, корпоративтер. Мен бұған тамаша қараймын. Біріншіден, бұл — табыс көзі, екіншіден, концерттерде ала алмайтын эмоция зарядын адамдармен бірге болғанда аласың», — деді Али Окапов.

Бұған дейін Али Окапов пен Ақерке Бүркітбай үнді кинокейіпкерлерінің бейнесінде желіні бағындырғанын жазған болатынбыз.