Қазақстандық әртістер әрі жұбайлар Али Оқапов пен Әкерке Бүркітбай танымал болливудтық «Ұрланбаған қалыңдық» фильмінің сахнасын жасанды интеллект көмегімен қайта жаңғыртты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бейнебаянда «Болливуд королі» Шахрух ханның орнына Али Оқапов, ал үнді актрисасы Каджолдың орнына Әкерке Бүркітбай шықты. Жасанды интеллект ән мен биге толы мінсіз сахна жасады. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, Али мен Әкеркенің жанкүйерлерінің ерекше ықыласына бөленді.

Фариза Ескермес, Динара Бақтыбаева, Бағым Мұхитденова, Тимур Балымбетов, Индира Еділбаева, Дидар Каден және шоу-бизнестің өзге де өкілдері әзіл бейнебаянға пікір білдірді.

«Али, сен кереметсің», «Ақыры жастар хореографиясы», «Айшвария Рай артта қалды, Әкерке сұлу», «Қандай керемет шыққан», «Уф! Жалғасын қалаймын!» — делінген пікірлерде.