Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлкей Марғұлан

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985) —  қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өнерін зерттеуге ерте араласқан филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол Павлодар облысында дүниеге келген. Жас кезінен хат танып, халық жырын жаттап өседі. Бірнеше археологиялық ескерткіштерді тауып, ежелгі қорым-қоныстар мен қала орнын анықтады, Талас, Шу, Сырдария өзендері бойындағы ежелгі қалалардың орнында қазба жұмыстарын жүргізді. Ортағасырлық Отырар, Тараз, Сайрам, Сығанақ қалаларының мәдениетін зерттеді. Орталық Қазақстан төңірегіндегі қола дәуірінің Бегазы-Дәндібай мәдениетін ашты. Қазақстан жерінде ежелден саз балшықтан ыдыс жасау, металл өңдеу кәсібі және сәулет, құрылыс өнері болғандығын дәлелдеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама