2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап Қазақстанға шетелден алма әкелуге тыйым салынды. Бұл шектеу 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Тыйым үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден барлық көлік түрімен жүзеге асырылатын жеткізілімдерге қолданылады, деп хабарлайды infohub.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының тиісті бұйрығы 3 қыркүйекте «Параграф» ақпараттық жүйесінде жарияланды. Құжатта бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Атап айтқанда, тыйым Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға, оның ішінде ЕАЭО-ның бір мемлекетінен екіншісіне республика арқылы тауарларды жеткізуге қатысты емес, егер соңғы межелі пункт Қазақстан аумағы болмаса.

Сонымен қатар, шектеу 3 қыркүйекке дейін елден экспорттық кедендік рәсімдеуден өткен алмаларға қолданылмайды, егер экспорттық декларация және жүктің көрсетілген күнге дейін жөнелтілгенін растайтын көлік құжаттары болса. Кедендік транзит режимінде тасымалданатын тауарлар үшін транзиттік декларация талап етіледі.

Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға алма әкелуге уақытша тыйым салуды ұсынған болатын. Бастапқыда шектеуді 1 тамыздан бастап 2026 жылдың соңына дейін енгізу жоспарланған еді.