Сабақтың атауы: Алматы
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын өз сөзімен баяндайды, Қазақстан Республикасының қаласы - Алматы жайында алғашқы түсінік болуы тиіс.
Оқу нәтижесі: Отанымыздың қалалары жайында білімдерін кеңейтеді, білгендерін ашық айта алады.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ - жауап, диалог бақылау, талдау(СТО), демонстрация (АКТ), рефлексивті бағалау (оқыту үшін бағалау), талантты және дарынды баламен жұмыс.
Негізгі дереккөздер: Суреттер, таныстырылым, оқулық, дәптер, кеспе қағаздар.
Сабақ желісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Балаларды топқа бөлу
Қала аттарына байланысты 4 топқа бөлу.
1топ: Алматы, 2топ: Астана, 3топ: Қарағанды, 4топ: Көкшетау.
ә) Психологиялық ахуал
Жүрек түрінде берілген стикерлерге осы сабақ бойынша тілектер жазып бір - біріне ұсыну.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
Үйге берілген тапсырманы (Астана туралы өлең, эссе) тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу: алма (суреті)+ тымақ (сөзі),,,.
Шешуі: Алматы.
Миға шабуыл жасау арқылы Алматы туралы білгендерін баяндау.
4 топқа тапсырмалар ұсыну.
1 топ - Мәтінді оқу.
Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.
2 топ - Мәтінді оқу.
Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп - тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.
3 топ - Оқулықта берілген мәтіннің 1 - ші абзацын оқу.
4 топ - Оқулықта берілген мәтіннің 2 - ші абзацын оқу.
Дарынды және талантты балаларға тапсырма ұсыну (өлең шығару, эссе жазу).
Әр топта жасырын қағаз тастау, біреуінің ішінде белгі бар белгісі бар қағазды алған бала түсінгенін келесі топқа баяндап береді.
Алматы қаласы жүктеу
Алматы қаласы
Сабақтың атауы: Алматы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз579 қаралым
#алматы қаласы#қазақстан республикасының қаласы#алматы жайында
Ұсынылады
Азға қанағат ет
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ б...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Өткізілетін орны: Мультимедия кабинеті
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

