Алматы халықаралық әуежайының Т1 терминалындағы күту залында жолаушылар төбеден орындықтарға ақ сұйықтықтың тамып жатқанын байқады. Куәгерлер болған жайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялады. Бұл оқиға кең резонанс тудырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Кадрларда сұйықтықтың төбе жабынынан күту аймағындағы жолаушылар орындықтарына тікелей ағып жатқаны көрінеді. Ашуланған жолаушылар болған жайды телефондарына түсіріп алды.
Жағдайға әуежайдың баспасөз қызметі түсініктеме берді. NUR.KZ тілшісіне айтқандарындай, Т1 терминалында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, оның ішінде пайдалану барысында анықталған жекелеген кемшіліктер де жойылуда.
«Терминалдың екінші қабатында әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда, қабаттар арасындағы жабын арқылы жолаушылардың күту аймағына аздаған мөлшерде сұйықтық қысқа уақытқа сіңіп кетті», — деді баспасөз қызметінде.
Әуежай өкілдерінің мәліметінше, қызметкерлер жағдайға жедел ден қойып, салдарды жою үшін барлық қажетті шараларды қолданды.
«Қазіргі таңда жағдай реттелді, терминал қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға келтірілген уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды», — деп қосты баспасөз қызметінде.


