Алматыда жергілікті тұрғын көшеде қолы байланған, аяқ киімі жоқ әйелді байқаған. Куәгердің айтуынша, ол үйден әрең қашып шыққан, кейін оны туған ұлы байлағаны белгілі болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әйелдің осындай күйдегі суреті мен ақпараты «Письма президенту» Telegram-арнасында жарияланды. Хабарламада айтылғандай, ұл өз анасын оның отбасылық өміріне араласқаны үшін жазалаған.
NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір сұрады. Онда тексеру басталғаны мәлім болды.
«Әйелдің жеке басы анықталды, қазір ол полицияда түсініктеме беріп жатыр. Бұған дейін аталған оқиға бойынша полицияға ешқандай шағым түспеген», — деді департаментте.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр — оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қолданылады.


