22 шілдеде Қазақстанның ірі қалаларында жауын-шашын мен температураның төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды infohub.kz.
Алматыда орташа жауын-шашын күтіледі. Күндіз ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріледі, түнде +20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с болады.
Астанада аздаған жауын-шашын күтіледі. Күндіз ауа температурасы +26 градусқа дейін көтеріледі, түнде +16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,3 м/с.
Шымкентте де аздаған жауын-шашын өтеді. Күндізгі температура +33 градусқа дейін жетеді, түнде +24 градус болады. Жел 8,3 м/с жылдамдықпен соғады.


