Алматының Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жалғасуда. Биыл тұрғындардың өздері ұсынған 29 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Аяқталған нысандардың бірі Жандосов көшесі, 182а және Афцинао көшесі, 4 мекенжайларында орналасқан. Жандосов көшесіндегі аулада жарықдиодты шамдары бар жаңа жарықтандыру тіректері, шатыр астында қосымша жарық, бейнебақылау жүйесі және қоршау орнатылды. Сондай-ақ жаңа электр желілері тартылды.
Қауіпсіз тартан жабыны бар балалар алаңы толық жаңартылды. Мұнда ойын кешендері, әткеншектер, сырғанақ, батут, беседка және басқа да элементтер пайда болды. Спортпен айналысу үшін воркаут алаңы, ашық жаттығу құралдары бар алаң, үстел теннисі және шатыр жабдықталды. Отбасылық демалыс үшін пергола орнатылды.
«Аула түгелдей өзгерді. Енді мұнда балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз алаң, жақсы жарықтандыру, спортпен айналысуға орын бар. Тілектеріміздің ескеріліп, жүзеге асқанын көру өте қуантады. Осындай жұмыс үшін рахмет!» – деп жақын маңдағы үйдің тұрғыны Темірлан әсерімен бөлісті.
Тағы бір аула Афцинао көшесінде абаттандырылды. Мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын кешендері, батут, әткеншектер, карусельдер, балансирлер және беседка орнатылды. Спортпен айналысу үшін екі воркаут алаңы жабдықталды. Сондай-ақ аумақтың жарықтандыруы жаңартылды.
«Абаттандырудан кейін аула әлдеқайда жайлы әрі қауіпсіз болды. Енді мен күн сайын балаларыммен осында серуендеймін. Әсіресе кешке аумақтың жақсы жарықтандырылғаны қуантады, сондықтан көшеде тыныш уақыт өткізуге болады», – деді аудан тұрғыны Сәбира.
Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Жобалар тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылып, аулаларды, балалар және спорт алаңдарын жаңартуға бағытталған.


