Алматыда бірнеше ауданда авариялық жарық сөнді, деп хабарлайды infohub.kz.
«Алатау жарық компаниясы» авариялық жағдайлар картасына сәйкес, уақытша жарықсыз қалған жерлер: Рысқұлов даңғылы, Жангелдин, Баянауыл, Шемякин көшелері; Сериков, Омаров, Жансүгіров, Артиллериялық көшелер; Асқар Тау мен Ерменсай шағын аудандары; Бұқар жырау бульвары; Жароков, Бәсенов, Байзақов көшелері; Абай даңғылы; Масанчи, Жамбыл, Әді Шәріпов көшелері; Полежаев тұйық көшесі, Райымбек даңғылы және 2-ші Гончарная көшесі.
Авариялық сөнудің себебі анықталып жатыр. Жарық 2–3 сағат ішінде қалпына келтіріледі деп күтілуде.


