Алматы тұрғыны автобустардың қозғалысын ертерек — 05:00–05:30-да бастауды ұсынды. Оның пікірінше, қазіргі кесте жұмысқа уақытында жетуге жеткіліксіз. Бұл бастаманы қалалық көлік басқармасы түсіндіріп, жауап берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жазба Threads әлеуметтік желісінде пайда болды: mad1ar019 деген пайдаланушы Алматыдағы автобустардың 05:00–05:30-да қатынасты бастауын ұсынды. Оның айтуынша, қозғалыс 06:00-да басталғанда жұмыс орнына әрдайым уақытында жету мүмкін бола бермейді.

«Алматыдағы кептеліс 06:30-да басталатынын бір ойлап көріңізші! Әдетте бір сағатқа созылатын жол кептеліске байланысты екі сағатқа айналады. Ерте рейстер таңертеңнен жұмыс істейтіндердің өмірін айтарлықтай жеңілдетер еді, автобустарда да адам көп болмайды», — деп түсіндірді жазба авторы өз идеясын.

Мегаполистегі автобус қозғалысының кестесі туралы жазбаға Алматының жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы жауап берді.

«Бүгінде алғашқы автобустардың желіге шығу уақыты 05:30–05:40 деп белгіленген. Қозғалыс кестелері 23:00-ге дейін бекітілген. Жекелеген бағыттарда автобустардың жұмысын бастау уақыты 5:00-ден, ал жұмыс күнінің аяқталуы 24:00-ден кейін деп белгіленген. Тұрғындарға қолайлы болу үшін қаланың төменгі бөлігін жоғарғы бөлігімен жалғайтын түнгі бағыт та қатынайды. Өз кезегінде бағыттың жұмысын бастау уақыты жолаушылар ағынына сәйкес бекітіледі», — деп жауап берді басқармада.