Кеше кешке Алматыда BMW көлігі бұрылыс кезінде аударылып, жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға Әл-Фараби даңғылында, ВОАД-қа апаратын тоннельдің алдындағы айрықта болған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Almaty_typical Instagram-парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жүргізуші айрықтан шығып бара жатып, қуатты көлікті басқара алмаған. BMW жоғары жылдамдықпен бордюрге соғылып, содан кейін бетон қоршауды құлатып өткен. Қатты соққыдан көлік төбесімен аударылып, куәгерлердің айтуынша, жол бойымен шамамен 10 метр сырғанаған. Айта кетерлігі, құны шамамен 40 млн теңге болатын көлік апат болған күні ғана сатып алынған.
NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. Онда оқиға Медеу ауданында сағат 21:30-да болғанын хабарлады. Полиция мәліметінше, BMW жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Луганский көшесіне бұрылу кезінде тоннельден шыға беріп, рульге ие бола алмай, бордюрге соққан.
Салдарынан көлік аударылған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.


