Алматыда 3-7 тамыз аралығында бірқатар шағын аудандар мен көшелерде электр қуаты жоспарлы түрде өшіріледі. Бұл желілердегі ағымдағы жөндеу жұмыстары мен ақауларды жою қажеттілігіне байланысты, деп хабарлайды infohub.kz.

«Алатау жарық компаниясы» (АЖК) мәліметінше, шектеулер күн сайын күндізгі уақытта, негізінен 8:00-ден 17:00-ге дейін енгізіледі. Орташа алғанда жұмыстар 1,5-2 сағатқа созылады.

3 тамызда (дүйсенбі) Айгерим-1, Шапағат, Самғау, Түркістан, Шаңырақ-2, Теректі, Тастыбұлақ, Ақжар, Новый, 4-шағын аудандарда жарық өшеді. Сондай-ақ Сейфуллин даңғылы, 434, 422, Жібек жолы көшесі, 127, Мәуленов көшесі, 29, Мақатаев көшесі, 130, Наурызбай батыр көшесі, 23 мекенжайларындағы тұтынушылар жарықсыз қалады. Жандосов — Тұрғыт Озал — Сәтпаев — Түркебаев; Бөгенбай батыр — Аносов — Төле би — Бруно; Абай — Панфилов — Құрманғазы — Байсейітова; Абай — Қашғар — Құрманғазы — Байтұрсынов көшелерінің аралықтары да өшіру аймағына енеді. Сонымен қатар, Бұқар жырау бульвары, Сәтпаев, Желтоқсан көшелері, Назарбаев даңғылы, Толстой, Разин, Саурынбаев, Чкалов, Буденный, Сүлейменов, Ладыгин, Чернов көшелеріндегі жеке сектор және Көк-Төбе шағын ауданы жарықсыз қалады.

4 тамызда (сейсенбі) Айгерим-1, Көк Қайнар, Самғау, Ұлжан-2, Алғабас, Тастыбұлақ, Ақжар, Қайрат, Маяк, Самал-1 (44-үй), Ақсай-2 шағын аудандарында өшіру жоспарланған. Көшелер тізімінде — Абай — Прокофьев — Есенжанов — Жемчужная; Абай — Байтұрсынов — Құрманғазы — Шәріпов; Айтеке би — Байзақов — Гоголь — Чокин аралықтары. Сондай-ақ Абай — Әуезов қиылысы және Ақмол, Кудерин, Гёте, Сейфуллин, Рудаки, Нүсіпбеков, Жангелдин көшелері де өшіруге ұшырайды.

5 тамызда (сәрсенбі) Айгерим-1, Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, Ұлжан-2, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2, Өжет, Қарасу, Алатау, 2-шағын аудандар жарықсыз қалады. Шакарим — Тұрғыт Озал — Құлымбетов — Түркебаев; Жамбыл — Шағабутдинов — Қабанбай батыр — Мұратбаев; Мыңбаев — Айтиев — Абай — Әуезов көшелерінің аралықтары өшіру аймағына енеді. Сондай-ақ Қазыбек би — Шәріпов қиылысы, Әл-Фараби даңғылы, 73, 73/7, 73/2, Сүйінбай, Грибоедов, Жібек жолы, Бәрибаев, Мақатаев, Рүстемов көшелері және Көк-Төбе шағын ауданы жарықсыз қалады.

6 тамызда (бейсенбі) Айгерим, Самғау, Алғабас, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2, Өжет, Алтай-2, Көк-Төбе-2 шағын аудандарында өшіру жүргізіледі. Тізімде — Жандосов — Тұрғыт Озал — Сәтпаев — Түркебаев; Абай — Мұқанов — Құрманғазы — Байзақов; Бөгенбай батыр — Досмұхамедов — Төле би — Шәріпов; Сәтпаев — Тлендиев — Абай — Варламов көшелерінің аралықтары. Сондай-ақ Баишев, Жангелдин, Ахан Сері, Сейфуллин, Бальзак, Абдуллиндер, Жібек жолы, Қалдаяқов, Мақатаев көшелері, Райымбек даңғылы және Сүлейменов көшесінде де өшіру күтілуде.

7 тамызда (жұма) Айгерим-1, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қалқаман-2, Өжет, Ерменсай, Көк-Төбе шағын аудандары жарықсыз қалады. Шакарим — Тұрғыт Озал — Құлымбетов — Түркебаев; Жандосов — Әуезов — Сәтпаев — Клочков; Шакарим — Маршак — Құлымбетов — Брусиловский; Сәтпаев — Брусиловский — Абай — Тлендиев көшелерінің аралықтары, сондай-ақ Бұқар жырау бульвары — Әуезов — Жароков — Жандосов көшелері өшіру аймағына енеді. Сонымен қатар Натаров, Есенов, Бартольд, Бұқтарма, Достық даңғылы, Каскелен, Шамалған, Ақсай көшелері және Орманов көшесіндегі коммерциялық нысандар («Тартып» АҚ және «Алматы Қала Жарық» қоса) жарықсыз қалады.