Алматыда Есентай жағалауында тәртіп бұзған автокөлік бейнежазбаға түсіп қалды. Полиция бұзушыны тауып, жазалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
almatynews_kaz Instagram парақшасында Есентай өзенінің жағалауында көлік жүріп жүрген видео жарияланды. Кадрларда көлік кері жүріс кезінде фонарь бағанасын зақымдағаны көрінеді. Көзбен көргендердің айтуынша, жүргізушінің жай-күйі дұрыс емес болып, ол жағалауда «алдынан шыққанның бәрін қиратты».
Бұл жарияланымға Алматы қалалық полиция департаменті ден қойды. «Аталған факті бойынша Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тексеріс жүргізуде. Жол жүрісі ережесін өрескел бұзған адам ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп мәлімдеді полиция. Толығырақ: infohub.kz.


