Әлеуметтік желілерде dots_foto деген атпен танымал алматылық фотограф Дмитрий Доценко Алакөлге жаңа, әдемірек бағытты көрсетті. Ол Жоңғар Алатауы таулары арқылы, Үшаралды айналып өтіп, сондай-ақ Ырғайты өзенінің шатқалын, Қытай шекарасындағы Жалаңашкөл көлін және Тентек өзеніндегі бөгенді көруді ұсынады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Пайдаланушылар пікірлерде фотографқа жаңа әдемі суреттері үшін алғыс білдіруде. «Сізбен бірге Қазақстанды ашамыз!», «Мұндай көріністерді көру мүмкіндігі үшін зор рахмет», «Сіздің арқаңызда көпшілігіміз ойша бірге саяхаттаймыз. Сондай әдемі жерлерді көрсетесіз», — деп жазды қазақстандықтар.
Сонымен қатар, пікір қалдырушылар тау арқылы өтетін жолдың жағдайы Үшарал арқылы өтетін жолдан әлдеқайда нашар екенін, бірақ көріністері керемет екенін атап өтеді.
Бұған дейін «Курсив» биылғы жазда Алакөл 2 миллионға жуық туристерді — бір тұтас мегаполистің халқын қабылдауға дайындалып жатқанын жазған болатын.


