Алматыда түнде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайы ғимаратының шатыры құлады. Мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі бұл — нысанды реконструкциялау аясындағы жоспарлы демонтаж, төтенше жағдай емес деп түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға туралы алғашқылардың бірі болып Алматы тұрғындары хабарлады: олар әлеуметтік желілерде түнде қаладағы Студенттер сарайының шатыры құлағаны туралы ақпаратпен бөлісе бастады. Кейінірек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі нысан реконструкцияда екенін мәлімдеді.

Бастапқыда шатырдың ғимаратты жоспарлы реконструкциялау жұмыстарының нәтижесінде құлағаны, әлде төтенше жағдай болғаны белгісіз еді. Университеттің қосымша түсініктемесін NUR.KZ тілшісіне Алматы әкімдігі берді.

«2026 жылғы 23 қыркүйекте түнде У.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы ғимаратының шатырын жоспарлы демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқу процесіне кедергі жасамау үшін барлық жұмыс түнде атқарылды. Мердігерлер қауіпсіздік шараларын толық сақтады. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.