Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында 15 қазанда «Himoya: Әйелдік қуат, қасиетті байланыстар» атты халықаралық көрме ашылады. infohub.kz сайтының хабарлауынша, жоба Орталық Азия мен өзге өңірлерден келген 21 суретшіні біріктіреді.

Қатысушылар көрмеге арнайы жасалған жаңа туындылармен қатар бұрыннан бар шығармаларын да ұсынады. Негізгі тақырып — әйелдің естелік пен туыстық желісі.

Туындыларда сопылық және зороастрлық тәжірибелер, шамандық дәстүрлер, тәңіршілдік және көне түркілік дүниетаным сөз болады. Сондай-ақ өңірлердегі тілдердің, ғұрыптардың және жергілікті дәстүрлердің жойылуына ерекше көңіл бөлінеді.

«Himoya өнердің өзіндік таным, батыл баяндау, тұжырым және естелік тәжірибелерін қалай қалыптастыратынын зерттейді; көркемдік тәжірибе мұнда патриархалдық зорлық пен әлемдік үстемдік гегемониясы дәуіріндегі тұмар мен пайғамбарлық қорғаныс ретінде көрінеді», — деп сипаттайды көрмені орталықта.

Жобаның кураторы — Кванджу мен Шарджа биенналелері сияқты ірі халықаралық алаңдардағы жобаларды басқарған үндістандық зерттеуші Наташа Джинвала. Көрменің архитектурасы мен сценографиясын Diogo Passarinho Studio әзірлеген. Қазақстаннан қатысушылар қатарында Алмагүл Меңлібаева, Нара Бейбіт және Еламан Мұқтархан бар.

«Himoya: Әйелдік қуат, қасиетті байланыстар» көрмесі «Целинныйда» 2026 жылғы 15 қазаннан 2027 жылғы 4 сәуірге дейін жұмыс істейді.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Алматыда өнер фестивалі өтіп жатқанын жазған еді.