Алматының Түрксіб ауданындағы жеке секторда тұрғындар сыртқы түрі тапаншаға ұқсайтын затқа тап болды. Оқиға туралы хабар түскен бойда оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды, деп хабарлайды infohub.kz.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, зат алынып, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген. Мамандар табылған заттың атыс қаруы екенін, оның шығу тегін, тиесілігін және бұрын жасалған құқық бұзушылықтармен байланысын анықтайтын болады.

Полиция атыс қаруы немесе оған ұқсас заттар табылған жағдайда оларды қолға алуға немесе өз бетімен жылжытуға болмайтынын ескертті. «Мұндай жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажет», — деді ведомство өкілдері.