Алматыда құрылыс саласына бақылау күшейтілді. Тексеру қорытындысы бойынша төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылса, 350 ұйымның лицензиясы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, құрылыс саласындағы бақылау қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша күшейтілген. Әлеуметтік нысандарды жобалау және салумен айналысатын компанияларға ерекше назар аударылды.
«Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, тағы 350 компанияның лицензиясы тоқтатылды. Құрылыс қызметінің 437 субъектісіне қатысты шаралар қабылданды», — делінген әкімдік хабарламасында.
«SK BEST Spec Story KZ» ЖШС жобалауға арналған I санатты мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сондай-ақ «Отау-Құрмет» ЖШС және «ҚазҒЗИСА» АҚ «ДО» ЖШС лицензиясынан айырылды. «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС-нің лицензиясының бір кіші түрі жойылды.
Әкімдікте құрылыс жобаларын іске асыруға белгіленген талаптарды сақтай алатын және құрылыс сапасын қамтамасыз ете алатын компаниялар ғана жіберілетінін атап өтті.
Бұған дейін «Курсив» 2025 жылдың қорытындысы бойынша Астана әкімдігіне қарасты LRT құрылыс дирекциясы 62,4 млн теңге көлемінде шығынға ұшырағанын жазған еді — бұл бір жыл бұрынғыдан бес есе дерлік көп. Компания жобаға техникалық қолдау көрсетіп, жеңіл рельсті көлік желісінің жобалауы мен құрылысын бақылаған және LRT пайдалануға берілгенше жұмысын жалғастырады.


