Әлеуметтік желіде Алматыда бір қызды аяусыз ұрып-соғу видеосы тарады. Кадрлардан бірнеше қыздың оны ұрып, шашынан жұлып, соққы бергені көрінеді. Осы кезде болып жатқан оқиғаны камераға түсіріп отырғаны да байқалады. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлайды.

Пайдаланушылардың наразылығын тудырған нәрсе — жазбаның әлеуметтік желіге жариялануы. Кадрларға қарағанда, бейнероликті жанжалға қатысушылардың бірі өзі жариялап, оны әнмен сүйемелдеген. Кейін аккаунт иесі роликті жойғанымен, басқа пайдаланушылар оны тарата бастаған.

Пікірлерде пайдаланушылар төбелеске қатысушылардың барлығының жеке басын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етеді. Бір пікір қалдырушы полицияға арыз жазғанын хабарлады.

Редакция полицияға сұрау жолдады — оқиға қай жерде болғаны, факт тіркелген бе және тексеру жүргізіліп жатқанын білу үшін. Жариялау кезінде жауап келіп түспеген.

Бұған дейін Қаскелеңде бірнеше жасөспірімнің ер адамды ұрып-соққанын жазған болатынбыз. Полиция төбелеске қатысушылардың барлығын анықтап, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын жауапкершілікке тартқанын хабарлады.