Алматыда қатты жаңбырдан кейін жүргізушілер даңғылдардың бірінен өтуде үлкен қиындыққа тап болды — жолдың бір бөлігі опырылып, бірнеше көлік терең шұңқырға түсіп қалды. Ақау жойылып жатыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
kris_p_almata Instagram парақшасында хабарлағандай, түнде Алматыда Момышұлы даңғылында жолдың опырылуынан кептеліс пайда болған.
«Жол жөндеу жұмыстарынан кейін жолдың бір бөлігі опырылып, терең шұңқыр пайда болды. Бірнеше көлік опырылымға түсіп, аталған учаскеде қозғалыс қиындады», — делінген жарияланған бейнежазбалардың сипаттамасында.
NUR.KZ тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне түсініктеме сұрап хабарласты. Онда қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының жауабы берілді.
«LRT жобасын іске асыру аясында Момышұлы және Төле би көшелерінің учаскелерінде инженерлік желілерді қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Қатты жауын-шашынға байланысты жекелеген учаскелерде топырақ шөгіп, көлік қозғалысының қиындауына әкеп соқты. Қазіргі таңда мердігер ұйым көлік қауіпсіз жүруі үшін негізді тығыздау мен уақытша шара ретінде фрезерленген асфальтбетонды қолдануды қамтитын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», — деп сендірді басқармада.
Асфальтбетон жабын ауа райы тұрақтанғаннан кейін қалпына келтірілетіні атап өтілді.


