Алматыда бірден бес көлік қатысқан жаппай жол апаты болды. Оқиғаға ұрланған шетелдік көлікті тізгіндеген жүргізуші күдікті болып отыр. Бұл туралы қалалық полицияға сілтеме жасап, NUR.KZ тілшісі хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Үлкен Алматы каналының бойында болған.

«Алдын ала деректерге сәйкес, Nissan көлігінің жүргізушісі Үлкен Алматы каналының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Сарбастау көшесінен батысқа қарай рульді басқара алмай, алдында келе жатқан Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан инерциямен тағы бірнеше көлік соқтығысқан», — деді полицияда.

Nissan және Mitsubishi көліктерінің жүргізушілері қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілгені белгілі болды.

«Тексеру барысында Nissan көлігін жүргізуші көршісінен заңсыз иемденгені де анықталды. Ұрлық фактісі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп қосты Алматы полиция департаментінде.

Сол уақытта желіде апат орнынан куәгерлердің түсірген кадрлары пайда болды.