ТЖМ тікұшағы зардап шеккен қызды Букреев шыңынан эвакуациялады, ол 3010 метр биіктікте жартастан құлаған, деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға Букреев шыңы маңында теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте орын алды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық құтқару қызметі мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына келді.

Алдын ала деректер бойынша, қыз жартастан құлап, бас жарақатын алып, өз бетінше қозғалу мүмкіндігінен айырылған. Құтқарушылар келгенге дейін оған куәгерлердің бірі алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Зардап шеккен қызды қауіпсіз эвакуациялау үшін «Қазавиаспас» акционерлік қоғамының тікұшағы жұмылдырылды. Құтқарушылар қызды әуе көлігімен «Медеу» тікұшақ алаңына жеткізіп, оны әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.