Әлеуметтік желілерде Алматы облысында шетелдік азаматша полиция қызметкерлері тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырады деп арызданғаны туралы ақпарат тарады. Жағдайды облыстық Полиция департаменті түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Threads әлеуметтік желісіндегі abv_novosti паблигі Алматы облысында зорлыққа ұшырағанын мәлімдеген шетелдік азаматша туралы жазба жариялады. «Қонаевта 28 жастағы шетелдік әйел жергілікті полиция қызметкерлері оны топтасып зорлады деп арызданды. Қыздың айтуынша, оның арызын органдарда айтқызып жаздырған, кейін полицейлер оның пәтерін бақылап, заттай дәлелдемелерді алу үшін терезенің торын шешіп алған. Қорқыныштан үйден шығуға қорқады, дәрігерлік көмекке мұқтаж болса да, үйіне жедел жәрдем мен патрульдік көлік келген», — делінген хабарламада.
Жазбаға тіркелген бейнежазбада қыз өзінде заттай дәлелдеме — болжамды зорлаушының биоматериалы қалған іш киім бар екенін айтады.
Жарияланымға Алматы облысы Полиция департаменті жауап берді. «Осы факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйелдің арызы бойынша оқиға Қонаев қаласында болған. Алғашқы тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталып, жеткізілді. Болған оқиғаның барлық дәйектері мен мән-жайы мұқият тексеріліп, тиісті құқықтық бағасын алады», — деді полицияда.
Сондай-ақ қазіргі таңда қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Тергеу Алматы облысы ПД Тергеу басқармасына тапсырылды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.


