Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне байланысты істің тоқтатылғанын хабарлады.

Ресми мәліметке сүйенсек, Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес тоқтатылған.

Айта кетейік, бұл өрт оқиғасы өңірде және әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Алайда өрттің нақты себебі мен мән-жайы жөнінде ресми мәлімет әлі жарияланған жоқ. Прокуратура да істің алдағы бағытына қатысты қосымша ақпарат бермей отыр.