Алматының Медеу ауданында Олимпийская көшесінің Тышқанбаев пен Байқоңыр көшелері аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу 18 қыркүйекке дейін сақталады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қала әкімдігінің түсіндіруінше, шара кернеуі 220 кВ кабельдік электр желісіндегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты. Жұмыстар Олимпийская көшесіндегі №4А үйдің маңында жүргізілуде.
«Алматының Медеу ауданында 18 қыркүйекке дейін Олимпийская көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Шара 220 кВ кабельдік электр желісіндегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты. Жұмыстар Олимпийская көшесіндегі №4А үйдің маңында жүргізілуде. Олар жүргізіліп жатқан уақытта Тышқанбаев пен Байқоңыр көшелерінің аралығы жабылды», — деп хабарлады әкімдікте.
Айта кету керек, жөндеу қажеттілігі №2363 ЛЭП-220 кВ желісінің кабельдік бөлігінің зақымдалуынан туындаған. Соның салдарынан энергожүйе қазір мәжбүрлі ажыратылған схема бойынша жұмыс істеп тұр, бұл Алматы мен Алматы агломерациясының электрмен жабдықтау сенімділігін төмендетеді.
«Қалыпты схеманы қалпына келтіру үшін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандарына тікелей жол төсемінің астында апаттық жұмыстар жүргізу қажет. Жұмыстар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тәулік бойы жүргізілуде. Олар аяқталған соң бұзылған абаттандыруды қалпына келтіру жоспарлануда. Қала тұрғындары мен қонақтарынан көлік қозғалысының уақытша шектелуін ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп түсіндірді ведомствода.


