Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ӘМС және ТМККК шеңберінде омыртқаға жасалатын күрделі оталар тегін жүргізіледі. Араласу кезінде робот-ассистенттік технологиялар мен нейронавигация жүйесі қолданылады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ауруханада, атап айтқанда, транспедикулярлық бұрандалар орнату арқылы омыртқа каналының декомпрессиясы жасалады. Нейронавигация және робот-ассистенттік технологиялар дәрігерлерге араласуды дәлірек жоспарлауға және импланттарды орнатуға мүмкіндік береді.

Мұндай жоғары технологиялық оталарды ақылы негізде жасатқанда құны 5 млн теңгеге жетуі мүмкін.

Ведомство ота қажеттілігі туралы шешімді дәрігерлер медициналық көрсетілімдер негізінде қабылдайтынын атап өтті. Егер шешім қабылданса, онда адамға ота ӘМС және ТМККК шеңберінде тегін жасалады.

Ауруханада мұндай араласулар омыртқа мен жүйке жүйесінің ауыр аурулары бар пациенттерге жүргізіледі.

Осындай оталарды жасайтын нейрохирургтердің бірі — Марат Алматов. Ол Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында 20 жылдан астам жұмыс істейді және осы уақыт ішінде мыңнан астам пациентке ота жасаған.

Бұған дейін Қазақстанда ӘМС жүйесіндегі жалған жазбалармен жаңаша күресетіні белгілі болған еді. Бұған күдікті схемаларды анықтап, төлемдерді бұғаттайтын жаңа цифрлық платформа көмектесуі тиіс. Атап айтқанда, егер бұрын негізгі жұмыс ақша аударылғаннан кейін бұзушылықтарды анықтауға құрылған болса, енді жаңа модель қаражат аударылғанға дейін ауытқуларды анықтайтын болады.