Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт салдарынан алты жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы қайтыс болған қыздың көршілері мен қазақстандық телеарналар хабарлады, деп мәлімдейді infohub.kz сайты.
Кеше Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болғаны белгілі болды. Дәрігерлердің реанимациялық шараларына қарамастан, зардап шеккендердің бірі қайтыс болғаны айтылды.
КТК телеарнасының сайтының мәліметінше, қазір үй ішінде ешкім жоқ. Кіреберістердің жанында полиция қызметкерлері кезекшілік етіп тұр. Олар тек тұрғындарды ғана кіргізіп, қажетті заттарын алуға рұқсат береді. Бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған, өрттің себебін анықтау жұмыстары жалғасуда. «Алты жасар қызды есінен танып жатқан күйінде тапты. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысты, бірақ сәтсіз аяқталды. Сондай-ақ алты адам дәрігерлерге жүгінген», — деп хабарлайды телеарна.
«Astana» телеарнасы да куәгерлердің баланың қайтыс болуы туралы айтқанын хабарлайды. «Қайтыс болған қыздың жасы 6-да еді. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, менің қызым онымен сөйлескен. Біз, біздің отбасы осы тұрғын үй кешенінен соңғы болып шықтық. Бізді таба алмады, өйткені бәрі түтінге толы еді. Біз туыстарымызбен қоштасып қойғанбыз. Өйткені есімізді жоғалта бастадық. Ал жедел жәрдем көлігінде есімізді жидық», — деді үй тұрғыны Злата Степанова.
Еске салайық, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басқа зардап шеккендердің жағдайы туралы да хабарлаған болатын.


