26 шілдеде Алматы-Өскемен тас жолында үш көлік қатысқан ірі жол апаты болды. Салдарынан жарақаттанғандар бар, деп хабарлайды infohub.kz.
Апат автожолдың 474-ші шақырымында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Highlander-мен соқтығысқан. Соқтығыстан кейін бір бағытта келе жатқан Lexus көлігімен тағы бір соқтығыс орын алды.
«Алдын ала деректер бойынша, Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Highlander автокөлігімен соқтығысқан, одан кейін бір бағытта келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан», – деп хабарлады полиция.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ТЖМ бөлімшелері мен жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Жарақаттанғандардың саны нақтыланып жатыр, дәрігерлер зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетуде.
«Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп қосты полиция.


