Алматылық тұрғын өзен бойында серуендеп жүріп, қаруға ұқсас заттар салынған қапты тауып алды. Бұл туралы NUR.KZ және Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған infohub.kz хабарлайды.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаланың Түрксіб ауданында болған. Жолдан өтіп бара жатқан ер адам қаруға ұқсас заттар салынған қапты байқап, бірден 102 пультіне хабарлаған. Оқиға орнына жедел тергеу-жедел тобы келіп, қауіпті зат қажетті қауіпсіздік шараларымен алынған.
Алынған заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген. Түрксіб ауданы полиция қызметкерлері олардың шығу тегі мен тиесілігін анықтап, бұрын жасалған қылмыстармен байланысын тексеретіні мәлім болды.
Алматы полициясы қырағы азаматқа алғыс білдіріп, дәл осындай уақтылы хабарламалар ықтимал қауіптердің алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


